Астана к?ні мерекесіне сценарий балаба?ша?а

Добавлено: 01.05.2018, 06:37 / Просмотров: 91563





Закрыть ... [X]

Туған күніңмен, Астана!

Астана күніне арналған ертеңгілік сценарийі

Отбасылық кафе

Біз – батыл үндістерміз!

Мақсаты:

балаларды музыкалық, би, өлең оқу нөмірлерін мәнерлеп орындауға машықтандыру; шығармашылық қабілеттерді, қатынас дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамды тәрбиелеу, музыкаға, халықтың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Балалар, секеңдеп залға кіреді, оң қолдарына ту ұстаған.

Жүргізуші. Қымбатты балалар, қонақтар! Әр адамның туған күні болады. Біздің астанамыздың туған күні бар, ол –  6 шілдеде.

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзінен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Сырнайлар ойнайды, ҚР әнұраны орындалады.

Балалар домбыраның сүйемелдеуімен өз орындарына барады.

Балалар өлең оқиды.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім.

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана – Азияның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай. 

Жүргізуші. Астана – еліміздің бас қаласы. Бүгін бас қаламыз туған күнін тойлауда, ал біз бәріміз бірге: «Туған күніңмен, Астана!», – дейміз.

«Туған күнің» әні

(музыкасы мен сөзі М. Шахановтікі)

Таусоғар шығады.

Таусоғар. Сәлем, балалар! Мен – күшті, мықты адаммын.

Жүргізуші. О, атақты Таусоғар! Сенің мықтылығың жөніндегі аңыз бізге де жетті. Көптеген балалар саған еліктейді.

Таусоғар. Жарайды, мен сендердің күштерің мен тапқырлықтарыңды сынауға әзірмін.

 «Кім мықты» ойыны

(ұлдар ойнайды)

Залдың ортасында еденде секіртпе жатыр. Командалар секіртпеге қараған күйі, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Жүргізуші балаларға арқан береді. Қос команданың барлық ойыншысы арқанды ұстайды. Тәрбиешінің белгісі бойынша ойыншыларды арқанды өз жағына тартады. Командаларға тапсырма: арқанды бәсекелестерімен бірге өз жағына тарту. Бәсекелестер командасының тым болмағанда бір ойыншысын секіртпеден асырып, өз жағына тартқан команда жеңіске жетеді.

Таусоғар. Жарайсыңдар! Шамаларың келеді екен. Ұлдарың қандай мықты! Ал енді қыздар өз шеберліктерін көрсетсін.

«Алаша кілем» ойыны

Қыздар қағаздан ойылған қазақ оюынан кілем құрастырады.

Таусоғар. Жарайсыңдар! Қазақ жерінде әлі де епті, шебер әрі көңілді адамдар бар екен.

Жүргізуші. Әрине, бар, Таусоғар!

Экспрессивті әуен ойнайды. Дию шығады.

Дию. Мына жерде шулап жатқан кім өзі? Ұйқы бермедіңдер ғой?

Жүргізуші. Бұл біз көңіліп көтеріп жүрген.

Дию. Ұлы Диюдың тыныштығын бұзуға қалай дәттерің барды? Бұл қандай мереке өзі?

Жүргізуші. Бүгін Қазақстан астанасының туған күні, біз елімізді мақтан тұтамыз.

Дию. Өткенді қозғауға кім рұқсат берді?

Жүргізуші. Қазіргі қазақстандықтар туған елінің бірлігін нығайтуы тиіс, ал оны өткенге деген құрметсіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Дию. Оған менің қатысым қанша? Мен кәрі әрі сырқат Диюмын, тынығуым керек. Болашақ мені алаңдатпайды. Ал сендердің шуларыңнан құлағым шыңылдап кетті.

Жүргізуші. Құрметті Дию, саған үлкен құлақтың керегі не?

Дию. Соны да білмейсіңдер ме! Біреуіне жатып, біреуін жамыламын (жатып, қорылдап кетеді).

Жүргізуші. Балалар, Диюды оятып, онымен достасуға тырысып көрейік. Біз көптеген «ұрандарды» білеміз ғой. Ең кішкенесінен бастайық!

Балалар өз жасақтарының ұрандарын айтады. Дию оянбайды. Бірінші жасақтың «ұранынан» оянып кетеді.

Дию. Бұл не өзі? Неге ұйқы бермейсіңдер?

Жүргізуші. Себебі, қазір жалқауланатын уақыт емес. Астананы көркейту керек: үйлер, зауыттар тұрғызып, компьютерлік технологияларды игеріп, шет тілдерін меңгеру керек. Сонымен бірге, жерге ұйықтаған денсаулыққа зиянды. Саған әдемі әрі ыңғайлы киіз үй тұрғызып берейік пе?

Дию. Әрине, қалаймын.

Жалғасын  № 5-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Источник: https://edu.mcfr.kz/article/2889-qqq-17-m5-26-05-2017-tuan-knmen-astana


Поделись с друзьями



Рекомендуем посмотреть ещё:



Похожие новости


Расставание для мужчины водолея
Конкурс мой сайт лучший
Стих к подарку сервиз
Поздравление с днём рождения знакомой в прозе прикольные
О чем говорит дата свадьбы
Конкурсы стихами на свадьбу
Стих девушке я буду скучать
Поздравление с новым годом стих для коллег


Астана к?ні мерекесіне сценарий балаба?ша?а
Астана к?ні мерекесіне сценарий балаба?ша?а


Азаша сценарий : 6 Шілде - Астана кні (Балабаша Жайнай берсін.)
Астана кніні мерекесіне орай екі балабаша ашылды - Атаулы кн06



ШОКИРУЮЩИЕ НОВОСТИ